"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы

 Тәрбие

     Тәрбие, тәлім - тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесi,  жастар тәрбиесi бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенiң мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып тaбылады.

 

 

2022-2023 оқу жылында  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін құру аясында  тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Аудан бойынша тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасында  білім беруді және ғылымды дамытудың  2020 -2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу – тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде  бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілінде құралды.

Тәрбие жұмыстар барлық ынталы тараптар: отбасы,білім беру ұйымдары , қоғамның кең ауқымда кешенді түрде жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында  білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басшылыққа алынып жасалды.    2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген.

3. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі 2016 ж 26 сәуір

Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбие  жүйесінде  басшылыққа  алынатын  құжаттар

1. Тәрбие жұмысы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында  білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басшылыққа алынып жасалды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде ,

Қазақстан   Республикасының  заңдары

1.Қазақстан  Республикасының  Конституциясы (1995ж)

2.Қазақстан  Республикасының   «Білім  туралы»  заңы  (2007ж)

3.Қазақстан  Республикасының  «Дене  шынықтыру  және  спорт»  жайлы  заңы (02.12.1999ж)

4.Қазақстан  Республикасының   «Мейрам  күндері» жайлы (2001ж)

5..Қазақстан  Республикасының  «Бала   құқығы  туралы»   заңы  (2002ж)

7.Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі (10 - бап)

8.Қазақстан  Республикасының  «Тіл  туралы  заңы» (1997ж)

9.Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі  (925,926,927,1124 - баптар)

10.Қазақстан  Республикасының  Еңбекпен  түзету  кодексі (96 - бап)

11.Қазақстан  Республикасының  «Еңбек  туралы»  (172,177  -  баптар)

12.Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  жайлы  кодексі (12,154 -  баптар)

13.Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  жастар  саясаты»  туралы

14.Қазақстан  Республикасының  азаматтардың  денсаулығын  қорғау  туралы(1998)

15.Қазақстан  Республикасының  «Кәмелекетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың      

     профилактикасы  мен  балалардың

 16. Қазақстан Республикасы «Діни  сенім  бостандығы  және діни  бірлестіктер»  заңы 

17. Қазақстан Республикасының «Темекі тартуды алдын-алу және шектеу туралы» заңы (2002 ж.10 шілде)

18.АҚТБ/ЖҚТБ – ның  алдын  алу  жайлы  декларация (2001ж) 

19. Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша 2019 жылға дейінгі жол картасы;

20. Қазақстан Республикасының 04.12.2009 жылғы “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” заңы;

21. “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқаны;

22. “Қауіпсіз мектеп” республикалық акциясы

23. Қазақстан Республикасының 04.07.2013 жылғы № 127 “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Мақсаты: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру. «Жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді және  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  өмірінде  жүзеге асыру  ұмтылысын  қалыптастыру, мемлекеттік рәмізін құрметтеуге,халық дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу.

Тәрбиенің  жұмысының міндеттері:

  • ҚР мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық- патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, этикалық принциптерді ұстана отырыпқазақстандық қоғамның нормалары мен дәстүрлеріне қайшы келмеу;

  • тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін мойындауға, ұстануға  жетелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту, Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету;

  • отбасылық құндылықтардыкеңінен насихаттау, ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімін жетілдіру, ата-ананың баланың тұлға ретінде қалыптасына, тәрбиесіне жауаптылығын сезіндіру;

  • еңбек дағдысын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау дағдысын ұштап, болашақ мамандығын таңдауда жол ашу, экологиялық мәдениетті дамыту, ұжымдық қарым-қатынастың ережесін біліп, өмірде қолдану;

  • мектепте көпмәдениетті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, ортақ мәдениет дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға дайын болуын қаматамсыз ету;

  • дене тәрбиесіне жіті назар аударып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ыңғайланған кеңістік орнатып, оқушыны өзінің  физикалық және психологиялық денсаулығына нұқсан келтіретін факторларды анықтай білуге үйрету.

Күтілетін нәтижесі :

  • азаматтық-патриоттық сана-сезімі жоғары;

  • рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған;

  • отбасылық құндылықтарды ұстанатын;

  • құқықтық санасы нығайып қалыптасқан;  

  • салауатты өмір салтын ұстанатын;

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысатын, халқымыздың бай өмір тәжірибесі негізінде тәрбиеленген, ұлттық менталитетімізді бойына сіңірген  ХХІ ғасырдың жеке тұлғасы тәрбиеленеді.

ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.

Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: : Отанға ұтымды және эмоционалдық қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық қақарсы тұруға  дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматтық алыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Отаным - тағдырым»,  «Атамекен» бағдарламаларындағы бағытқа лайық іс-шаралар өткізу.

Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты: : "Рухани жаңғыру" құндылық негіздерін тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттерімен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы терең түсінігін қалыптастыру, қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен дәстүрлерімен келісіледі.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Рухани қазына» шағын бағдарламасына сәйкес іс-шаралар қарастырылуы керек.

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының  этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану», «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына».

Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отбасы әлемі»  жобасы негізінде

Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру.

Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық  мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа,эстетикалық объектілердіқабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдени орта құру.

Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

 

Жаңартылған күні: 31.01.2020 07:09
Құрылған күні: 13.02.2023 01:04

Текст