"Күншуақ" отбасы клубы
Ата-аналарға кеңес: "Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі" тақырыбында іс-шара өтті
Мақсаты: Отбасында әке және бала тәрбиесінде әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін көтеру, қоғамда әкенің орынын биіктету


"Күншуақ" отбасы клубы
"Тәуелсіздік тұғырым!" атты мерекелік іс шара өткізілді
Мақсаты: Ата-аналарды іс-шараға белсене қатысуын, балаларын Отанға деген құрметпен тәрбиелеу




"Күншуақ" отбасы клубы
" Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі" атты ата-аналарға кеңес өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға қиын баланың психикасы туралы кеңестер беріп, жеке ата-аналардың қиындықтарын бірігіп шешу.


"Күншуақ" отбасы клубы "Отбасым-бақыт мекенім" атты ата-аналар жиналысын өткізді.
Мақсаты: Саналы тәрбие, сапалы білім беруде салауатты ұрпақ қалыптастыруда мектеп, ата-ана ,ұстаз бірлігін ұштастыру болып келеді



"Күншуақ" отбасы клубы
"Алтын күз" мерекесі.
"3-4 жасар баланың оқу тәрбиесінің негізгі міндеттері"
/ата-аналарға кеңес/
Мақсаты: Мерекелерді балалармен бірге ата-аналар да ортақтасып өткізу. Ойынның баланың өміріне пайдасы жайлы ата-аналарға түсінік беру.




«Күншуақ» отбасы клубының мақсаттары:
-
Отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
-
Ата-ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бір-біріне жақсы қарым- қатынастарын орнату;
-
Қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету;
-
Ересектер мен балаларды біріктіру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
-
Балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді пайдалану шеңберінде отбасылардың бірлескен қызметін ұйымдастыру.
-
Балаларды тәрбиелеу және өмірлік қиындықтарды жеңе білу саласындағы құзыреттілікті арттыру, ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру.

«Күншуақ» отбасы клубының міндеттері:
-
Ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
-
Ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруына үйрету;
-
Топ ұжымымен қызықты іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру;
-
Ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу;
-
Мектептегі ашық есік күндеріне шақыру;
-
Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

«Күншуақ» отбасы клубының принциптері:
- Ата-аналармен жұмыс барысында дәстүрлі тәсілден бас тарту;
- Отбасы-педагогикалық үдірістің белсенді қатысушысы;
- Тұлғаны дамыту және қалыптастыру мақсатындағы мектеп пен отбасының серіктестігі;
- Балаға ізгілікті көзқарас, оның даму мүмкіндіктерін бағалау оңтайлығы;
- Оқушылардың қабілеттерін, дағдыларын, қызығушылықтарын дамыту;
- Балалармен ортақ тіл табысуда, ата-аналарға көрсетілетін көмекті анықтауда, олардың қателіктерінің алдын-алуда жеке тұлғалық тәсілді жүзеге асыру диагностикасының нәтижелерін қолдану.


«Күншуақ» отбасы клубының жұмысы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Клубтың қатысушылары ата-аналар, мұғалімдер, балалар болып табылады.
1.2. Клубты-клуб Кеңесінің Төрағасы басқарады.
1.3. Клуб мүшелері өз қызметінде нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары.
- Бала құқықтары туралы Конвенция.
- Білім беру мекемесінің ішкі тәртіп ережелері.
- «Рухани Жаңғыру» қоғам санасын жаңғырту бағдарламасы.
- Отбасы әлемі проектісі
- Неке және отбасы туралы Заң.
- Мектеп жарғысы
1.4. Клуб қызметінің негізгі қағидалары:
- Ерікті қатысу қағидаты;
- Өзара әрекеттесуді диалогтау принципі;
2. Отбасы клубтың мақсаттары:
- Отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
- Ата-ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бір-біріне жақсы қарым- қатынастарын орнату;
- Қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету;
- Ересектер мен балаларды біріктіру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
- Балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді пайдалану шеңберінде отбасылардың бірлескен қызметін ұйымдастыру.
- Балаларды тәрбиелеу және өмірлік қиындықтарды жеңе білу саласындағы құзыреттілікті арттыру, ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру.
3. Отбасы клубтың міндеттері:
- Ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
- Ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруына үйрету;
- Топ ұжымымен қызықты іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру;
- Ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу;
- Мектептегі ашық есік күндеріне шақыру;
- Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;
4. Клуб қызметін ұйымдастыру
4.1."Күншуақ" отбасылық клубын ұйымдастыруды мектеп әкімшілігі клуб басшысымен бірлесіп жалпы білім беретін мекеме базасында белсенді ата-аналарға сүйене отырып жүзеге асырады.
4.2. Қызметті жоспарлау ата-аналарға сауалнама жүргізу және олардың балалармен өзара әрекеттесуінің проблемалық өрісін анықтау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Клубтың қызметі оқу жылына жоспарланған.
4.3. Клубтық кездесулер жылына 8-10 рет өткізіледі.
4.4. Клуб қызметін ұйымдастыру түрлері: отбасылық тәрбие
тәжірибесін талқылау, дөңгелек үстел, тренингтер, психологиялық практикумдар, экскурсиялар, көрмелерге бару, спорттық жарыстар мен мерекелер, бірлескен шығармашылық және ойын қызметі.
5. Құжаттама
Клуб жұмысы мыналардың негізінде құрылады:
- Клуб туралы ережелер.
- Жылдық жұмыс жоспары.
- Клуб кездесулерінің теориялық және практикалық материалдары.
6. Құқықтары мен міндеттері
6.1. Ата-аналардың құқығы бар:
- баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелері, оның жас
ерекшеліктері бойынша педагогтің білікті консультациялық көмегін алуға;
- үйде балалармен сабақ ұйымдастыруда практикалық көмек алуға;
- балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен алмасуға.
6.2. Ата-аналар міндетті:
- клуб мүшелерінің ережелерін орындау.
6.3. Педагогтардың құқығы бар:
- отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін зерделеуге және таратуға;
- ата-а налардың туындаған мүдделеріне, сұраныстарына, проблемаларына байланысты клуб қызметінің жылдық жоспарына түзетулер енгізуге.
6.4. Клуб басшысы міндетті:
- клуб қызметін жоспарға сәйкес және ата-аналардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастыру;
- ата-аналарға білікті кеңес беру және практикалық көмек көрсету.
7. Күтілетін нәтиже
- Бала бойында өз ісіне деген жауапкершіліктің қалыптасуы, мектепке, үйге, қоғамдық орындарда мінез –құлық ережелерін қолдана алуы;
- Бала бойында рухани – адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы;
- Отбасындағы жағымды қарым –қатынас ата – аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінуі, оларға сүйіспеншілік, сыйластық таныта алуы.



