"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

30.08.2018

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес , Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс –әрекет  ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.Ұлы педагог  В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған.Ойынға да  басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі.Басқа да кез – келген іс – әрекеттер  сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді , ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек.Негізгі рөль оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көңіл – күй, өзара түсіністік , достық қарым – қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез – құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны  қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижиесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың  ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік – дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күделікті әсерлі шешімдер қабылдауға , өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Әр сабақ мұғалім жемісі.Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты  түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы  балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.

Просмотров: 821

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст