"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерейментау аудандық білім мекемелеріндегі мұражайлар арасындағы аудандық байқауының қорытындысы "Еркіншілік ауылының ЖОББМ" КММ - нде өтті

13.12.2021
2021 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" мақаласына байланысты  Ерейментау аудандық білім мекемелеріндегі мұражайлар арасындағы аудандық байқауының қорытындысы "Еркіншілік ауылының ЖОББМ" КММ - нде өтті. Байқаудың мақсаты: мұражай педагогикасы арқылы жас ұрпақтың бірегейлігін қалыптастыру процесі мен әлеуметтендірудің жаңа тәсілдерін іздеу. Байқауға 13 мектеп мұражайлары қатысты. Байқаудың қорытындысына байланысты  мектепте салтанатты  іс - шаралар өтті. Онда Ерейментау ауданның әкімі Альжанов Абай Еламанұлы, аудан әкімінің орынбасары Ибраев Батал Нұрмұхамедұлы,аудандық " Рухани жаңғыру" кабинетінің меңгерушісі  Әдірешов Манап Бектасұлы,Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Куркина Сауле Мейрамқызы, Еркіншілік ауылдық округінің әкімі Жампеисов Марат Болатұлы,мектеп директорлары және  аудан мен ауылдың  басқа да қонақтары  болды. Олар мұражайды аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, ондағы оқушылармен атқарылып жатқан ғылыми жұмыстары көрсетілді. 
Аудандық " Рухани жаңғыру" кабинетінің меңгерушісі  Әдірешов Манап Бектасұлы тарихи мұражайдың өскелең ұрпаққа үлкен рухани серпіліс туғызатынын және мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналатынына ерекше назар аударды. Сонымен қатар ауданымыздағы мектептерде ашылып отырған киелі бірнеше  мұражай бар екендігін атап, салтанатты жиынға қатысып отырған көпшілікке өзінің жақсы тілегін білдірді.
Қазылар алқасының шешімімен 
БАС ЖҮЛДЕНІ  - "Еркіншілік ауылының ЖОББМ" КММ - і иеленді. 
 Құттықтаймыз! Барлық байқауға қатысушыларға шығармашылық шабыт, барлық бастамаларда ынта - жігер тілейміз!
Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст