"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек

12.02.2018

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды   сүйек

сынғанда,буын шыққанда  көрсетілетін жәрдем түрлерімен таныстыру.

2.Оқушының сабаққа белсенділігін

арттыру мақсатында ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды

  адамгершілікке, бас гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу

 Сабақтың түрі: 

кездесу

Сүйек сынғанда және  буын

шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Сүйектің сынуы

Сіңірдің созылуы

Буынның шығуы

Сіңір  созылғанда, буын

шыққанда және  сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

 

1.Байламдардың созылуы. Оқыс

қимылдаған кезде, буында сүйектердің ығысуы шекті шамадан асып кеткенде j

байламдар закымдалады немесе созылады. Закымдалғаң буын айналасы ісіп, қатты

ауырады. Байлам созылғанда тамырлар үзіліп, жарақаттанған жерге қан құйылады.

Бұл кезде, алдымен, зақымданған жерге мұз, қар немесе салқын  шүберек басу

керек. 20 минуттан кейін қысып буатын таңғыш салып, зардап шеккен адамды

медициналық мекемеге жеткізу керек.

Буынның шығуы. Буын басы буын ойысынан шығып

кеткенде буын беттерінің жанасуы бұзылады. Сәл ғана қимылдан қатты ауыру

байқалады. Мұндай жағдайда зақымданған жерге суық затты басып, зардап шеккен

адамды қозғалтпай, жедел медициналық мекемеге жеткізу керек.

Сүйектің сынуы. Сүйектің механикалык беріктігі

жоғары.  Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.Ашық

сыну кезіндеі сүйек қана емес, тері, бұлшық ет және қан тамырлары да

зақымданады. Мұндай жағдайда алдымен қан кетуді қысатын таңғыш көмегімен

тоқтатып, жараны стерильді салфеткамен таңады. Содан кейін закымдалған жерді

қозғалтпай шендеуіш (шина) салып немесе кез келген қолданбалы материалды (тегіс

немесе мата оралған тақтай, қатты қатырмақағаз) пайдаланып немесе зақымдалған

аяқты сау аяққа қосып таңу керек.

Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы.

Егер бұғана немесе жауырын закымданса, жарақаттанған қолды орамалмен мойынға

таңып, қолтыққа мақта немесе кез келген матаны бүктеп қояды. Егер кабырға

сынса, зардап шеккен адамды орындыққа отырғызып, терең дем шығартады да, кеуде

куысын кысып дөкемен орап тастайды.

Жұмыс мақсаты:

1- Сіңір созылғанда қысатын

таңғыш сала білу. 2. Білек, иық, тізе, санға шендеуіш (шина) салу әрекетін түсіндіре білу.

2. Бас сүйегі, омыртқа жотасы, кеуде қуысының сүйектері

сынған кезде алғашкы көмек көрсету ерекщеліктерін түсіндіре білу.

 

 

 

 Қорытынды жасау:

Сіздің тарапыңыздан ең алғаш уақыт созбай жедел жәрдем

шақырту ғана. келем дегенше тыныштандырып, тәтті шай беруге болады.

Сүйек сынғанда жедел жәрден әзір келе қоймайтындай болса,жарақаттанушы ауырғанға

шыдамай бара жатса кетотоптан таблеткалар немесе екпе беруге болады. Сынған

сүйектің нервтері қысылып қалатындықтан оны түзу тақтайға жатқызып сынған

жердің екі жағынан сәл тартып таяққа байлап қоюға болады, тартылып тұрса

нервтер қысылмайды. Алғашқы көмек көрсеткенде мүлдем үрейленудің қажеті жоқ,

көмек көрсетуші адам паникада болса науқас екі есе қобалжып, стресс болады. Түк

саспау керек

Сынықтың ашық(открытый перелом,закрытый перелом) және

жабық деген екі түрі болады.Ашық түрі сынған жердің терісіне,етіне зақым

келеді,қансырау да болады,ал жабық түрінде тек сүйек сынады.Қол немесе аяқ

сынған кезде ол жерді  қозғауға болмайды,сынған жердің екі жағына қатты

материалдан(жұқа тақтайша)салып қатты етіп байлап тастау керек,ал ашық сынықта

қансырап,зақым келген жерді йодпен тазалау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 876


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст