Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының
салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
1 кітапханашы: Жиналыппыз Наурыз тойға бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде,
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің асыға күткен
Наурыз тойымыз келіп жетті. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген
шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды
сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа Жыл келді. Ендеше той құтты болсын! Ақ
мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық
Музыка: шашу шашылады
2 кітапханашы: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне!
Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22-сі түнде сағат 3-те
даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз
шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулыларын «ырысқа»
деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол,
жауын-шашын көп болсын деп тілейді.
(ортаға Қыдыр ата мен Наурыз
қыз келеді) – Қыдыр ата, Наурыз қыз хош келдіңіздер! Ата
бата беріңіз.
Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,