"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гүлге қонған көбелек

10.06.2017

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлімі

Қарапайым

математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

Гүлге қонған

көбелек

Мақсаты

-«қанша болса

сонша», «көп», «аз» ұғымдарын түсініп, қолдана білуге үйрету;

-әсемдікті

сезіне білуге тәрбиелеу;

-үйренуге,

білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер

Көбелек, ара,

құмырсқа, гүлдер, қоңыз, көбелек туралы видео

Билингвалды компонент

Көбелек –

бабочка, ара-пчела, құмырсқа – муравей, қоңыз - жук

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жаз мезгілінен

хат келгенін айтып, оқып береді: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді жасыл

орманға саяхатқа шақырамын».

-Ал жасыл

орманда нені кездестіретінімізді жұмбақ шеше отырып табыңдар.

Жұмбақтар шешеміз.

Ұшып жүрген гүл

көрдім,

Қонғанша ұстап

үлгердім.

(көбелек)

Гүлдерден нәр

тереді,

Біздерге нәр

береді.

(ара)

Екі басы

жұдырықтай,

Ортасы

қылдырықтай.

(құмырсқа)

Ұшқанда өлең

айтады,

Қонғанда жер

қазады.

Мұны да ойлап

көрейік,

Шешуін кім

табады?

(қоңыз)

Оларды бір

сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.

Жарты шеңберге

тұрып, хатты тыңдайды

Жасыл орманға

саяхатқа шығуға келіседі

 

 

 

 

 

Ойланып,

алдында тұрған суреттерге қарап, жұмбақтарды шешеді.

 

Суреттерін

тақтаға іледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жәндіктер

екенін айтады

Ұйымдастыру іздестіру

«Гүлге қонған көбелек» дидактикалық ойыны

-Көбелектер гүлден гүлге ұшқанды өте жақсы

көреді.

Жолақшадағы гүл

қанша болса, сонша көбелек қою керектігін түсіндіреді.

Сергіту сәті

Көбелек-ау,

көбелек,

Әдемісің керемет.

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

 

 

Ойын:

«Гүлден жасалған алқа»

-Қазір,

балалар, әрқайсымыз өзімізге әдемі алқа жасаймыз

-Енді осы сызықтың

үстіне үлкен гүлді, одан соң кішкентай гүлді жабыстырамыз, осы ретпен

жалғастырыңдар

-Алқада үлкен

гүлдер көп пе, кішкене гүлдер көп пе?

-Неше үлкен

гүл, неше кішкене гүл бар?

«Мен көбелекпіп» дидактикалық ойыны

Бейне жазба

арқылы, көбелек болып ұшуды ұсынады

 

 

 

Гүлді санап,

жолақшаға сонша көбелек қояды

 

 

 

Сергіту сәтін

орындайды

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуана

келіседі

 

Гүлдердің

көлеміне қарай ретпен жабыстырады

 

 

 

Үлкен кішісін

анықтайды

 

Санап жауап

береді

 

 

Бейнежазбаның әуенімен

көбелек болып ұшады

Просмотров: 1212

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст