"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі" ММ -нің жоспарына сәйкес 2022 жылы 28 наурыз күні "Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ -де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Тәрбие жұмысы бойынша мектеп құжаттамасын жүргізу" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

01.04.2022

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы  бойынша білім бөлімі" ММ -нің жоспарына сәйкес 2022 жылы 28 наурыз күні "Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ -де директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Тәрбие жұмысы бойынша мектеп құжаттамасын жүргізу" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: 1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын тәрбие жұмысы жөніндегі құжаттарды жүргізу жұмысымен таныстыру.
2.Осы бағытта мектеп құжаттарын жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
3.Мектептегі тәрбие жұмысы бойынша құжаттарын жүргізу жұмысы бойынша тәжірибе тарату
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінен 25 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты. Семинардың ашылуында мектеп директоры Исатаева Б.Г  қатысушыларға тәрбие жұмыс бойынша мектеп құжаттамасын жүргізудің маңыздылығына тоқталып кетті. Келесіде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салкынбаева А.А жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кейін  мектептегі клубтар мен  ұйымдардың  жетекшілері , мектеп психологы  жұмыстарының  барысы мен құжаттардың жүргізілуімен таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар мектептегі  "Атамұра" тарихи-  өлкетану мұражайына саяхат жасап,семинардың қорытындысын шығарып   бірауыздан қолдау тапты.
Семинардың соңында аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Блялова Ш.К. семинардың мазмұнды өтуін қорытындылап, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст