"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бастауыш-бастамам, Білімге жол бастаған!"

19.05.2022

Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы - мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Соның ішінде білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, ұстазға деген ерекше ілтипат пен сүйіспеншіліктің өзі осы кезеңде орын алады. 
Білімнің сара жолы бастауыштан болатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қалыптасатынына көз жеткіземіз.
Бүгінгі күн 4 сынып оқушылары үшін ерекше күн! Оның ерекшелігі сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын ең алғаш қуана аттаған ұл - қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз, енді міне қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен  және алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштасқалы отыр.
Бүгінде осы бастауышпен қоштасып, үлкен сыныпқа бет алып отырған оқушыларды жаңа қадамдарымен құттықтаймыз! 
Міне бүгін жоғары деңгейде өткізілген "Бастауыш-бастамам,
Білімге жол бастаған!"таңертеңгілік , яғни бастауышпен қоштасу шарасы өтті. Шараны дайындап, өткізген 4"Ә"сынып мұғалімі Аманбек Гүлдаурен! 
Рақмет сізге, мұғалім!

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст