"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

30.05.2022

"Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - де 25 мамыр күні "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны мектеп ауласында өтті. Алаң шарлармен, жалаушалармен,  гүлдермен безендірілді.  Салтанатты жиын жүргізушілердің  жылы,  тартымды да көрікті сөздерімен қонақтардың жүректерін  жаулап алды. Құттықтау сөзі мектеп директоры Исатаева Б.Г. - ға, келесі құттықтау сөзі ауыл әкімі Жампеисов М. Б. - ке  берілді.  Ол кісілер түлектерге жылы лебіз тілектерін білдіріп, әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі - бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға екенін, барлық жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұрғанын айтты. Барлықтары Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына тілектес екендерін жеткізді! Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдарлы көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларын  айтып, түлектердің өмірлеріне ақ жол тіледі.  Кейін оқушылардың  салған әндері тартымды естіліп, түлектердің "Енді қоңырау соғылмайды бізге!"  әні  және  тамаша билері  сүйсіндірді.
Мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың  сыңғырлаған әсем сазы, жүректі дір еткізген жылы үні естілді.  "Соңғы қоңырау!" жиыны жоспарланған іс - шаралар бойынша толығымен атқарылып өз мәресіне жетті.

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст