"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балалар күлкісі - әлемнің көркі"

01.06.2022

1  маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ - де  іс -  шаралар өтті. Мектеп мерекеге сай  безендірілді. 2022 жыл-  "Балалар жылы" деп жарияланып, балаларға ерекше назар аударылған. Себебі, олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Онда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс - шаралар жасалды. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Алдын ала жоспарланып, "Балалар күлкісі - әлемнің көркі" шағын спорттық сайыстар, "Біз бақытты баламыз" тақырыбында көңілді тапқырлар  сайысы болды.  Спорт алаңында спорттық жалпы жаттығулар, ұлттық ойындар, асфальтқа сурет салу, "Биле - биле" флешмоб ұйымдастырылып, өнерлі балалар ойыны өткізілді.  Ондағы жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді. "Бала - өмірдің гүлі" атты мерекелік ән - шашуы балалардың көңілінен шықты. Мереке құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст