Бүгінгі таңда балаларға қатысты зорлық-зомбылық кең таралған мәселе болып табылады. Көбінесе балаларға қатысты зорлық-зомбылықты балаға таныс адамдар жасайды: ата-аналар, биологиялық емес ата-аналар, бауырлары, ата-әжелері, сондай-ақ қоршаған ортадағы басқалар.
Балалар қоғамдағы,отбасындағы зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болатын жағдайда әлеуметтік және эмоционалды проблемалардың даму қаупі жоғары: физикалық және психикалық даму проблемалары, оқу қиындықтары.
Зорлық- зомбылыққа душар бала өзін-өзі төмен бағалайды , олар мазасыздық және депрессиямен сипатталуы мүмкін.
Бұл қатер баланы қауіпті мінез-құлыққа (мысалы, есірткі мен алкогольді қолдану) және суицидке әкелуі мүмкін.
Мен, мектеп психологы ретінде отбасыларды, қоғамды балаларға қатысты психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықты қолданбауға шақырамын.
Балаларыңызға сақ болыңыз!