28.10.2022 ж " Еркіншілік ауылының ЖОББМ " КММ бойынша жалпы мектепішілік ата -аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың тақырыбы: "Оқушылардың өмір қауіпсіздік негіздері" болса ,күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1) Білім беру процесінде оқушылардың ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауы туралы.
2) "Ата -аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға қауіпсіз жағдай жасау жауапкершілігі.Рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараға қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік".
3) I тоқсан қорытындысы.
4) "Экстремизм мен терроризм: түсінігі,мәні, көрініс формасы". Жиналысқа Ерейментау ауданының УПИ полиция капитаны Исенов Е.Ж қатысты. Оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қарастырылып өз шешімдерін тапты. Жиналыстың соңында мектеп директоры Исатаева Б.Г ата - аналарға оқушылардың өмір қауіпсіздігінің маңыздылығына тағы бір мәрте тоқтала кетіп, жаңа оқу жылынан бері жетістіктерге жеткен оқушылардың ата -аналарына алғыс жариялап, алғыс хаттарын табыстады.