28.10.2022 ж оқушыларға арналған күзгі демалыс қарсанында "Еркіншілік ауылының ЖОББМ " КММ бойынша 5 -11 сынып оқушылары арасында I тоқсан аяқталуына байланысты жалпы мектепішілік жиын өткізілді. Мектеп директоры Исатаева Б Г. оқушыларға күзгі демалысқа кетпестен бұрын өмір қауіпсіздік ережелерін естеріне салып,оның сақтап жүрулерінің әр қайсысының міндеті екенін айтты Сонымен қатар мектебіміздің 11 сынып түлектерінің оқу жылының басынан бастап жеткен жетістіктерінің мадақтамаларын табыс етті. Жиын соңында мектеп директоры оқушыларға күзгі демалысты қауіпсіз және қызықты өткізіп II тоқсанда жаңа күш - жігер, ой - өріспен келулерін айтты.