"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу»

23.12.2019

Казіргі таңда жастардың санасында отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып тұр.  Салауатты  өмір  салтын қалыптастыру және  мектеп жасындағы қыз балалардың арасында  ерте жүктілікттің алдын алу  мақсатында 20.12 күні «Еркіншілік орта мектебі» КММ –де «Жасөспірімдер арасында ерте  жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік аналар жиналысы  өткізілді. Бұл жиналыс дәстүрлі емес,  ерекше,  қызықты формада өтті. Ерекшелігі ұстаздар электропоезда жүріп, жол серіктері  ретінде  жолаушыларға тапсырма бере отырып тақырыпты ашты.  Ал жолаушылар  болып  поезға аналар отырғызылды.  Ерейментау-Көкшетау бағытындағы    электропоезд  Ерейментаудан жолға шығады. Осы уақытта мектеп директоры Исатаева Б.Г. сөз алып, жиналыстың   дәстүрлі емес екенін атап өтті.  Келесі  кезекте  мектеп медбикесі Жаба Ақерке  «Ерте жүктілік туралы» баяндама  оқыды. Поезд Еркіншілік станциясына  келгенде, бастауыш мұғалімі Слипец Т.И. орыс тілінде  «Ранняя беременность» баяндамасымен таныстырды. Электропоезд Нұр- Сұлтан қаласына келіп тоқтады. Бұл аялдамада  химия пәнінің мұғалімі   Мұхамед Еркегул  «Қыз тәрбиесі» тақырыбындағы  баяндамасын оқып өтті. Соңғы аялдама Көкшетау қаласына келіп  тоқтады. Сөз кезегі ауыл әкімі Жампеисов М.Б.-қа берілді.   Осы жиналысты өткізу барысында мектебіміздің жас ұстаздары: Жунусова Ж.С, Жунусова Н.С, Чурчутпаева А.А, Нурмухамедова Ж.Б, Аманбек Г. ұйымдастыруға белсенділік танытты. Сонымен қатар  мектеп  психологы Альжанова Р.С «Балаға жол көрсету», «Адам айнасы» атты  тренингтер өткізді.  Жиналыс соңында, аналарға сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, жүктіліктің  алдын алу бойынша  бейнероликтер көрсетілді.

Просмотров: 707


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст