"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы құтты болсын!

22.03.2023

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр. Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст