"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының құрылған күнімен!

27.04.2023

Қарулы күштердің аталған ауқымды әскер түрі Ел Президентінің Жарлығымен 1993 жылы сәуірде бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясының негізінде құрылған болатын. Қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінің құрамына төрт аймақтық қолбасшылық пен Десанттық-шабуылдау әскерлері кіреді. 

– Қазақстан Қарулы күштерінің негізі саналатын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ретінде әскеріміз басты өзгерістер мен қайта құру жолынан өтіп, құрылымы мен күнделікті тіршілік әрекеті қалыптасқан оңтайлы теңгерімге қол жеткізді деп айта аламын, - деп атап өтті генерал-майор Талғат Қойбақов.

Қарулы күштердің бұл әскер түрінің негізгі міндеттері – агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қолдау, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, құрлықта мемлекеттік шекараны қорғау, сондай-ақ бітімгершілік міндеттерді орындау.  

Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың талаптарына сәйкес қазіргі дәуірдің сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін ескере отырып, жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Оқу бағдарламаларына әскери істің әлемдік озық тәжірибесі енгізілуде. Әскерлердің іс-қимылдарының неғұрлым тиімді әдістері мен тәсілдері әзірленіп, енгізілу үстінде. Бөлімшелерді қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен жабдықтау жүріп жатыр, әскери инфрақұрылым дамып келеді.

Алматыдағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты офицерлер даярлайды.

Астана және Щучинск әскери колледждері құрамалар мен бөлімдерге кәсіпқой сержанттарды дайындайды.

Бүгінгі таңда Құрлық әскерлері Қарулы күштердің әлеуетті, ұтқыр, техникалық тұрғыда жарақталған және жауынгерлік қабілетті әскер түрі болып саналады. Бұл әскерлер қарулы күрестің қазіргі заман талаптарына сай және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст