"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еркиншилик отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

09.05.2023

Қазақстан аумағында екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыс-қимылдары жүрмегенімен, сұм соғыс миллиондаған қазақ отбас ын ойрандап, мыңдаған қазақстандықтың жанына жара салғаны анық. КСРО-ның Еуропа бөлігін фашистер басып алған сәтте, Қазақстан елдің жұмылдыру орталықтарының біріне айналды. Мұнда 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиясы, 7 бригада, 50 полк құрылды. Қазақстанда генерал Иван Панфиловтың басшылығымен аты аңызға айналған атқыштар дивизиясы құрылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуов республиканың сол кездегі 6,5 млн халқының 1,2 млн-нан астамы, яғни шамамен 20%-ы майданға аттанғаны туралы деректер айтады. Соғыс майданға кеткендердің әрбір екіншісінің, яғни халықтың 12%-ының - 600 мыңнан астам қазақстандықтың өмірін жалмады. Мыңдаған қазақстандық өздерін ержүрек жауынгер ретінде көрсетіп, ордендер мен медальдармен марапатталды. Көп жылғы зерттеулердің нәтижелері бойынша ғалым ел тұрғындарының майдандағы ерлігі туралы төмендегідей деректерді назарға ұсынады: 

520 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Даңқ орденінің иегерлері – 110 мың майдангер. Қазақ халқы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атанған қазақстандық ұшқыштардың есімін мәңгі есте сақтайды әрі оларды мақтан тұтады: Талғат Бигелдинов – шабуылдаушы-ұшқыш, 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс Парадының қатысушысы. Леонид Беда – әуе эскадрильясы командирі, әуеде 214 жауынгерлік ұшуға қатысқан. Иван Павлов — эскадрилья командирі, ол 237 әскери ұшу мен шабуылға қатысқан. Сергей Луганский – жаудың 37 ұшағының көзін жойып, 390 әскери ұшуға қатысқан ұшқыш. Қазақстан азаматтары тек майданда ғана емес, мыңдаған партизан қозғалысына да қатысты. Тарихи деректерде Қазақстаннан шыққан 300 азаматтың Еуропадағы қарсылық қозғалысының белсенді қатысушысы болғаны жазылған. Тарих ғылымдарының докторы Зәуреш Сақтағанова Қазақстан әйелдерінің соғысқа қатысуын зерттеді. Сол жылдары майданға 9,5 мың қазақ қызы — жұмылдырылған, еркін жалданған, партизандар ретінде аттанды. Ел аузында мерген қыз Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметованың ерлігін күні бүгінге дейін көпке үлгі етеді. Ержүрек қазақ қыздары Кеңес Одағының Батырлары атағын алды. Соғыс Жеңіспен аяқталып, Германия жеңілу туралы актіге қол қойғаннан кейін, 9 мамыр – барлық Қазақстан халқы күшін, атаулы мереке ретінде атап өтіліп келеді. Ал 1965 жылдан бастап ол демалыс күні ретінде бекітілді. 9 мамырда биыл Қазақстан халқы қалай демалады? Тәуелсіз елде мерекелеу дәстүрі сақталып, 9 мамыр мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Биыл қазақстандықтар Жеңіс күнін қатарынан төрт күн демалу арқылы атап өтеді. 

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст