Текст
«Еркіншілік орта мектебі» КММ-де «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы бойынша, өзін – өзі тану пәнінің онкүндік декаданың ашылу салтанаты өткізілді. Мектеп психологтары Альжанова Р.С. мен Байкол Қарлығаш оқушыларға хабарландыру айтып, жоспармен таныстырды. Ашылу салтанатын 8 «Ә» сынып оқушылары «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өлең жолдарымен бастады.