12.02.2020 жылы «Еркіншілік орта мектебі » КММ - де «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты концерттік бағдарламасының онкүндік жабылу салтанаты өз мәресіне кеп жетті. Жабылу салтанатының жүргізушісі Байкол Қарлығаш салемдесу тренингінен бастады. Концерттік бағдарламаны 6 «Б» сынып оқушысы Меке Ақжол «Ана жыры» атты өлең шумақтарымен ашты. 5 «Ә» сынып қыздары ән шашуын ортаға салды. 5 «Б» сынып оқушысы Ақбаян «Ана» әнің орындады. 9 «Ә» сынып оқушылары «Жақсылық жаса» шығармашылық көрінісін дайындап ортаға салды. 7 «Ә» сынып оқушысы Тастанбек Нурсерик «Аққу арман» әнің орындады. 3 «В» сынып оқушылары « Дорога добра» әнімен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндік декаданы жапты. Құттықтау сөзі мектеп директоры Исатаева Б.Г. берілді. Мекптеп директоры оқушыларға шығармашылық табыс тілеп, сынып жетекшілерге, жауапты мұғалімдерге алғысын айтты.