2020 жылы қазан айының 23-і күні "Еркіншілік орта мектебі" КММ -де қашықтықтан жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өткізілді. Онда бүгінгі күннің өзекті мәселесі - кішкентай баланың құқықтары мен ар - намысын қорғаумен байланысты, балаларды зорлық - зомбылық және қатігездікпен қарау жағдайларында көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру туралы ата - аналарға кеңес пен ұсыныстар берілді.Сондай - ақ балаға қатысты ата - ананың құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігін қарастыру болды. Сонымен бірге жалпы қауіпсіздік және қашықтықтан оқыту кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережесімен таныстырылып, санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты короноверустық инфекцияның таралуына жол бермеу, әр адам сол инфекциядан қалай қорғану керектігі туралы толық түсініктеме берілді.